Алматыда «барахолка» маңында өрт шықты

Qaz365.kz редакциясы

Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндіріп жатыр

kaz.zakon.kz

Алматыда «барахолка» базары маңынан өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамыз таңғы сағат 07:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды.

Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндіріп жатыр.

«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.