Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің "ROMANTIC" гүл салоны мен "Eldorado" ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады”, – делінген хабарламада.
Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.