Жетісу полициясы журналист Сандуғаш Дүйсенованың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

Qaz365.kz редакциясы

Осыған дейін Талдықорғандағы журналист Сандуғаш Дүйсенова Qaz365.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын айтып берген еді

ашық дереккөзден

Жетісу облыстық полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованы заңның талаптарына сай тексергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жетісу облыстық полициясы таратқан мәліметте барлық әрекеттердің заң аясында болғаны айтылған. 

"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған туралы ақпарат таратылуда. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында  азаматша Д. жеке тінтуі жүргізілгенін хабарлаймыз. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі" делінген Жетісу полициясы таратқан хабарламасында. 

Сондай-ақ оны жеке тінту нәтижесінде тыйым салынған заттар табылмағаны айтылған. 

Осыған дейін Талдықорғандағы журналист Сандуғаш Дүйсенова Qaz365.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берген еді. 

Тағы оқыңыз: Сандуғаш Дүйсенова: Тергеу кезінде төстартқышсыз ер адамдардың алдында жүруіме тура келді