Кейбір кеншілер әлі шахтада
Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді.
Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабтың (15 маманы мен 5 техникасы) Төтенше жағдайлар департаментінің 3 бөлімшесі (8 маманы мен 2 техникасы) барды.
Шахтада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар шығарылып жатыр. Оқиға орнына «ПВАСС» республикалық орталық штабтың (15 маманы мен 3 техникасы) ТЖМ-ның 3 бөлімшесі (8 маманы мен 2 техникасы) бара жатыр», - деп атап өтеді компаниядан.
Мұнан бөлек, ПВАСС пен ТЖД-ның қосымша күштері де жіберілген.