«Қазақстан» шахтасындағы өрт: бес кенші әлі табылмады

Qaz365.kz редакциясы

Іздеу жұмыстары жалғасуда

tengrinews.kz

«Қазақстан» шахтасында жер астынан хабарсыз кеткен кеншілер әлі табылған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға қою түтін кедергі келтіруде. Бұл туралы Арселор Миттал Теміртау тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сағат 16:40 жағдай бойынша 5 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарымен диспозиция бойынша шахтада орналасқан 12 бөлімшенің 5-уі айналысады. Жұмысшыларды іздеуге тау-кен орнындағы қалың түтін кедергі келтіріп отыр. Қосымша ақпарат тағы береміз», – деді Сергей Огай видео түсініктемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.

Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.