Тағы үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай салдарынан тағы бір кеншінің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жоғалғандарды іздеу жұмыстары түні бойы жүргізіліп, өртті сөндіру жалғасты. Марқұм 18 тамыз күні сағат 8.15-те шахта жұмыстарын жүргізу кезінде табылды. Ол жер бетіне шығарылды.
Тағы үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Алғашқы болып электрик Виталий Слюнковтың денесі табылған болатын.