Куәгерлер: Түркістан облысындағы жол апатында 4 адам көліктің ішінде жанып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Nissan автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Видеодан кадр

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ВИДЕО мына жерде 

Полицияның мәліметі бойынша, 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама 18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында келіп түскен.

 “Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды. Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты”, – делінген ПД ақпаратында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. 

Қайғылы оқиғаның куәгерлері түсірген бейнежазбада автокөлік салонында болған төрт адамның жанып кеткені айтылады. 

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалған. 

Nissan автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.