«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Қазақстан» шахтасында апаттан қаза тапқан үш кеншінің аты-жөнін жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Жер астында қалып қойған екі кенші әлі іздестіріліп жатыр.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Қазақстан» шахтасында апаттан қаза тапқан үш кеншінің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылғы, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;

2. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

3. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылғы, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл.

Жер астында қалып қойған екі кенші әлі іздестіріліп жатыр.