Қарағанды облысында тағы бір шахтада өрт болды

Qaz365.kz редакциясы

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда

Ашық дереккөздерден

 

Қарағанды облысында көмір өндіретін «Саран» шахтасында өрт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2023 жылы 27 тамызда сағат 01:55 шамасында «Саранская» шахтасында өрт болып, апатты жою жоспары іске асырылды. Өрт КӘТКҚ бөлімі күштерімен сөндірді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себептері мен мән-жайы анықталу үстінде», – деп мәлімдеді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың баспасөз қызметі.