Өнімдерді алуға болады: Астана әкімдігі Тәжікстан көрмесіндегі жағдайды түсіндірді

Qaz365.kz редакциясы

Әкімдіктің айтуынша, жәрмеңке жақсы деңгейде өткен

Видеодан кадр

Астана қаласы әкімдігі инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев тәжік жәрмеңкесіндегі астаналықтардың әрекетін түсіндірді. Оның айтуынша, жәрмеңке жақсы өткен, себебі төбелес немесе басқа жағымсыз жағдайлар болмады. Ал өнімдер күннің астында бұзылып кететін болғандықтан тәжікістандық шарулар ала беріңдер деген.

" Тәжікстандық әріптестеріміз «өнімдерді алуға болады, себебі олар күннің астында бұзылып кетуі мүмкін» деген ұстанымда болды. Тауарлар тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Бізде Тәжікстаннан қарбыз әкелінбейді. Өйткені оны тасымалдау өте қымбат. Сондықтан адамдар Тәжікстаннан әкелінген тәтті қарбыз бен қауынның дәмін татуға қызықты. Шынында олар өте дәмді болды, ауыз тиіп үлгердім", - дейді Мақсат Жаңабаев.

 

Сондай-ақ, әкімдік қызметкері өрмелеп шығып, өнім алып беріп жатқан адамдар тәжік шаруалары екенін, астаналықтарға өнімдерін өздері алып бергенін атап өтті.