Ол стюардессаның анасы Қазақстанда тұратынын да мәлімдеді
Вагнер ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен бірге ұшақ апатынан қаза тапқан жалғыз әйел - Қазақстанның 39 жастағы тумасы Кристина Распопованың денесі жер қойнына табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына марқұмның тәтесі Елена Абраменкова айтты. Ол стюардессаның анасы Қазақстанда тұратынын да мәлімдеді.
Бүгін марқұмның мәйітін елге апарып, жерледі. Анасы маған кеденшілер үш сағат бойы ұстағанын, жібермей қойғанынайтты», - деді Абраменкова.
Сондай-ақ ол Распопованың жеке басын растау үшін оның ағасы ДНК сараптамасын тапсырғанын да растады.
Кристина Распопова «МНТ Аэро» компаниясының қызметкері болған және апатқа ұшыраған ұшақта бортсерік қызметін атқарған.
Starhit.ru сайтының хабарлауынша, Кристина Челябі облысы Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі. Екеуі де Қазақстанда туған.