«Денесі екі күннен кейін табылған». Тайландта қазақстандық турист суға батып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаны Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады

Фото ашық дереккөзден

 

Қайғылы оқиғаны Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ремси өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«1 қыркүйекте Қазақстанның Тайландтағы елшілігіне Пхукет аралдарында Қазақстан азаматы суға түсіп, батып кетті деген ақпарат түсті. Сол ақпаратты тексеру үшін біздің консул жергілікті полициямен байланысты. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілді. Үшінші күні бір азаматтың денесі судан шығарылды. Бірақ суда екі күн жатқаннан кейін оны тану, ажырату қиын», - дейді ол.

Арнайы процедуралар арқылы анасы баласы екенін таныған.

«Бұл азаматтың Тайландта жүргеніне бірнеше ай болған. 15 жасынан бастап шетелде қыдырып жүреді. Өкінішке қарай осындай жағдай болып қалды. Шешесіне барлық көмек көрсетіледі. Анасы да, әкесі де сол жерде. Жақын арада баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі», - деді Айбек Смадияров.