Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып қалған

Qaz365.kz редакциясы

Газбен уланудың салдарынан ауруханаға сегіз адам жүгінген

inbusiness.kz

Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары табиғи газбен уланып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz

4 қыркүйек күні кешке Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындарынан газдың өткір иісіне шағымдар түсе бастаған. 

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шұбаршы газ тарату станциясындағы газ ысырмасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін жүйеге өткір иісі бар "Одарант" газы іске қосылған.

Кеңқияқ ауылының тұрғындары үйде дем алу мүмкін болмағандықтан, отбасы мүшелерімен бірге далаға шыққан. Газдың қатты иісінен ауыл тұрғындарының басы айналып, тамақтары қышып бастаған.

Ресми деректерге сүйенсек, газбен уланудың салдарынан Кеңқияқ ауылының ауруханасына сегіз адам жүгінген. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы олардың арасында жүкті әйел мен кәмелетке толмаған балалар бар екенін нақтылады.

«Жағдай бақылауда», - деп атап өтті облыс әкімдігі.