Бүгін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы көшеде әйелді ұрғаны туралы ақпарат тараған
Бүгін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы көшеде әйелді ұрғаны туралы ақпарат тараған. Мәжілістің кулуарында депутат тілшілерге осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қай әке баласын жаман болсын дейді? Әкежан ересек бала. Мәселесін өзі шешсін», - деді Дәулет Тұрлыханов.
Журналистер балаларыңызбен сөйлесіп, ақылыңызды айтпайсыз ба? дегенде депутат «Міндетті түрде» деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың 1995 жылы туған Әкежан есімді ортаншы ұлы көшеде әйелді ұрып соққаны туралы ақпарат тарады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер Нұрасыл Болат екені кейін анықталды
3 шілдеде Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады. 4 шілде күні таңертең қорғаныс ведомствосы Нұрасыл Болатты әскери полиция қызметкерлері тауып, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады.
4 шілдеде Тұрлыханов тергеуде жатқан ұлымен мақтанатынын айтты.