Түркияда жол апатына түскен қазақстандық ауруханада көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін марқұмдардың сүйегі елге жеткізіледі

trthaber.com

Түркиядағы жол апатынан  марқұм болған атыраулық журналистің күйеуі де көз жұмды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұрболат Құрмашов Түркияда жол апаты салдарынан жансақтау бөліміне түскен еді. Кеше ол есін жимастан қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Аланияда атыраулық отбасымен бірге 15 адам мінген сафари-джип жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. 

Олардың 9 жасар ұлы аман қалды. Бүгін марқұмдардың сүйегі елге жеткізіледі.