Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.
Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні ұстады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
- Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.
- Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген, - деді толықтырды Әленов.