Ақтөбеде ер адам ломбардтан 1 млн теңге ұрлап кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Ломбардқа жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Видеодан скриншот

Ақтөбеде ер адам ломбардтан 1 млн теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Бетіне маска киген ер адам қолына тапаншаға ұқсас зат ұстап, ломбардқа қарақшылық шабуыл жасапты. Шабуыл видеоға түсіп қалған.

Ер кісі әйелді қорқытып, кассадан 1 миллион теңге ұрлап кеткен. Көп ұзамай 42 жастағы күдікті ұсталды.