Тараздағы мектепте жарылыс болып, оттан қорғанған үш адам 3-қабаттан секіріп кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр

Qaz365.kz коллажы

Тараз қаласындағы мектепте жарылыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мектептегі жарылыс туралы алдымен ақпаратты жергілікті журналист Нурадин Рақай таратты. Оның айтуынша, үш адам оттан қорғанып, 3 қабаттан секіріп кеткен. Екі адам уланып қалған.

«Сырлайтын бояу атылып кетті деген әңгіме тарап жатыр. Оқиға түнгі Шона Смаханұлы атындағы 44 мектепте сағат он екі шамасында болған. Жалпы Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Бұл жердегі мектептің балалары қазір үш мектепке қатынап оқиды. Жарылыс бір қызығы түнгі сағат он екіде болған. Осы жерде жүрген жас қыздар жалыннан қорғанып, үшінші қабаттан секірген. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. 12 метрден биіктіктен секірген, сүйегі сынған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған», - дейді ол. 


Журналист «қазір жылы мұндағылар жабуға жанталасып жатыр» дейді. Ресми органдар болған оқиға жайлы әлі мәлімет таратқан жоқ.