Куәгерлердің айтуынша, саудагер тауарды жинаудан бас тартқан
Әлеуметтік желілерде алматылық полиция қызметкерінің саудагерді қарсылық көрсеткені үшін соққыға жыққан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 24 қыркүйекте Алматыдағы Розыбакиев көшесінде болған-мыс.
Оқиға куәгері Айгүл Хакимованың видеосында көшедегі саудагерге Серік атты полиция қызметкері келе жатқанын көруге болады. Полиция өкілі саудаға тыйым салып, саудагерден тауарды жинауын талап етеді. Куәгерлердің айтуынша, тауарды жинаудан бас тартқаны үшін полиция қызметкері күш қолданып, саудагердің басын жарған.
Біз полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық. Ресми мәлімдемені күтудеміз.