Астанада автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Видео кадр

Астана қаласында рөлге ие бола алмаған көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.

“29 қыркүйекте сағат 08:31-де Mеrcedes-Benz көлігі Байтұрсынов көшесінен Жүргенов көшесіне кетіп бара жатып, басқа жолаққа түсер кезде сол бағытта жүріп бара жатқан Mazda көлігіне апаттық жағдайды туындатты. Салдарынан көлікті тізгіндей алмай қалған Mazda жүргізушісі аялдамаға соқтығысқан”, - делінген Астана ПД  хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.