«Құбыр жарылып, үйде тоқ ұрып тұр»: Астанадағы «Аңсар» кешені тұрғындары далада қалды

Qaz365.kz редакциясы

Далада қалған тұрғындар журналистерден көмек сұрап жатыр

Видеокадрдан

Астанадағы «Аңсар» кешені тұрғындары далада қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Әлеуметтік желіге тараған ақпараттарға қарағанда, Астана қаласындағы «Аңсар» тұрғын үйінде жылу берген уақытта су құбыры жарылып, үйдің төбесі құлаған.

 

«SOS!!! Астанада тұрғындар үйсіз қалды!» - деп жазады журналист Оңғар Қабден.


Әлемжеліге тараған ақпаратқа қарағанда, Астанадағы Күлтегін көшесіндегі көпқабатты үйге жылу бергенде су құбыры жарылып, үйдің төбесі құлаған. Қазір үйдің ішінде тоқ ұрып тұр. «Не істерімізді білмей жатырмыз дейді» тұрғындар. 
Далада қалған тұрғындар журналистерден көмек сұрап жатыр. Астананың әкімі Жеңіс Қасымбектің келуін таплап етеді. 


«Жеңіс Қасымбек, мырза, тұрғындар менен көмек сұрап жатыр. Мүмкін сапасыз салынған сол жағалаудың су жаңа үйін өзіңіз көріп қайтасыз?!» - дейді журналист Ая Өміртай.


Қала әкімдігі әзірге болған оқиғаға байланысты түсіндірме берген жоқ.