Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған
Отандық кино мен сериалдарға түсіп жүрген танымал жас актер Асқар Жұмабек жала жабылып жатқанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмеген сұраған болатын. Енді, міне, Алматы қаласының Бостандық аудандық соты актерді бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелес болған. Айыпкерлерге бұзақылық жасады (ҚК 293 б., 3 б.), бұзақылық пиғылда адамдар тобының денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылды.
«Аталған мекеменің күзетшілері мен ди-джейі, сондай-ақ барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұра бастаған, жәбірленушілер оқиға орнына қашуға мәжбүр болған. Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған. Іс бойынша 5 адам жәбірленуші деп танылды», - делінген Бостандық ауданының сотының таратқан ақпаратында.
Зардап шеккен бес жәбірленушінің біреуінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Яғни, мұрынның сынуы, мидың шайқалуы, ауыр бас-ми жарақаты сияқты. Ал қалғандары орташа жарақат алған.
«Сотталушылар өз кінәларын мойындаған жоқ. Жәбірленушілер сотталушыларды кешірген жоқ. Прокурор 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады», - делінген ақпаратта.
Сот кінәлі деп таныған екі адамға 6 жыл 6 ай жаза кескен. Актер Асқар Жұмбековке тағы 15 күн қосып берген. Өйткені ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 107 бабы (адамды ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылған. Соттыңалдыңғы үкімі бойынша өтелмеген мерзіміне байланысты оған 15 күн қосылды.