Балабақша тәрбиеленушісін қағып кету оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Жүргізуші қамауға алынды

Ашық дереккөздерден

Балабақша тәрбиеленушісін қағып кету оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

2023 жылдың 20 қазанында болған оқиға орнына Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы мен қала прокуроры, сонымен қатар арнайы жедел тергеу тобы барды. 

“Анықталғандай, кешкі уақытта жекеменшік «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «Hyundai Starex» маркалы көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген. Сол мезетте бүлдіршін аталған көліктің алдынан жүгіріп өткенде,  оны байқамаған жүргізуші қағып кеткен. 
Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші қамауға алынды. Ал автокөлік айыптұрақта. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”
, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласында балабақша көлігі өз тәрбиеленушісін басып кетіп, жазым еткені туралы Qaz365.kz тілшісіне қайтыс болған бүлдіршіннің әкесінің бауыры хабарлаған болатын.