Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр
«Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Компания осы оқиға салдарынан тау кен шебері көз жұмғанын мәлім етті.
«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылы 05 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – деп жазылған хабарламада.