Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды

Алматы ТЖД

Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең өрт сөндіру бригадалары Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі, 2/16 мекенжайынан шыққан өртке аттанды.

«Алдын ала ақпарат бойынша жиһаз қоймасы жанып жатыр. Жақын орналасқан қойма мен үй-жайларды қорғауға өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды»,- деп хабарлады департаменттен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта өрт оқшауланды.