8 жасар бала абайсызда орталық кәріз құдығына құлап кеткен
Қызылорда облысында кәріз құдығына құлап кеткен 2015 жылы туған бала өлі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 25 қарашада сағат 13:24-те Қызылордада болған. 8 жасар бала абайсызда орталық кәріз құдығына құлап кеткен. 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты.
"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 техника, Полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техника, жедел жәрдем бригадасы, "Қызылорда су жүйесі", жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды", – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.