Алматыдағы хостелдің бірінен өрт шығып, 13 адам мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Тағы екі адам улы газға уланып, ауруханаға жеткізілді

Алматыда Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адам мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Өрт туралы ақпарат таңғы 05:33-те келіп түскен. Анықталғандай, 3 қабатты ғимараттың жертөлесінде хостел ашылған. Мұнда барлығы 72 адам болыпты. 59 адам өз бетінше шыға алған. Өрт сөндіру кезінде 13 адамның мәйіті табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Тағы екі адам улы газға уланып, ауруханаға жеткізілді.