Павлодар облысында әскери курсанттар жаппай ауруханаға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Курсанттардың ешқайсысы әзірге ауруханадан шығарылған жоқ

Ашық дереккөздерден

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті. Қойылған диагноз – ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған.

«Олар халықтың декреттелген тобына енуіне байланысты – казармада жататындықтан, ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығының жағдайы тұрақты», – деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Курсанттардың ешқайсысы әзірге ауруханадан шығарылған жоқ.