Түркістанда 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

Qaz365.kz редакциясы

Екі күннен бері іздестіріліп жатыр

polisia.kz

Түркістанда 4 жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғалған бүлдіршінді табуға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

«Облыстағы 17 қала, ауданға бүлдіршіннің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер жіберілді. Полицияның жеке құрамы мен иісшіл иттер, әскерилер мен еріктілер және жедел уәкілдерден құралған арнайы топ жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Іздеуге дрон аппараты қолданылуда», – деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Бүлдіршінді іздеуге дрон мен иісшіл иттер тартылды. 

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.