Баланың шыңғырған дауысын естіген: Талдықорғанда 14 жастағы жасөспірімді жаттықтырушысы танымал қонақүйге апарған

Qaz365.kz редакциясы

Видеода спорттық костюм киген азамат холдан асықпай түсіп келе жатады

Ашық дереккөзден

Бүгін жауынгерлік самбодан Жетісу облысының аға жаттықтырушысы, жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері, 25 жастағы Қадыр Теңбаев өз шәкіртіне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен қамауға алынған еді. Бұл оқиға қайда болғаны анықтала басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Orda.kz Талдықорғандағы «Ай Сер» қонақүйінде түсірілген бір видео жариялады. Видеода спорттық костюм киген азамат холдан асықпай түсіп келе жатады. Кадр сыртында сөйлеп тұрған әйел оған қонақүйдің мейрамханасына өтуді бұйырады. Сосын Әсет деген жігітті көмекке шақырады.

Әйел ер адамнан: «Бұл бала туысыңыз емес, не үшін мейрамханаға кірдіңіз?» – деп сұрайды. Әйел оқушының ол адамды танымайтынын айтады. Ал ер адам жаттықтырушысы екенін айтады. Сосын әйел 102-ге хабарласып, полиция шақырғанын жеткізеді. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам оның алдында 14 жастағы жасөспіріммен қонақүйдегі нөміріне көтерілген. Еден жуушылар шыңғырған дауысты естіп, қонақүйдің әкімшісіне хабар берген. Сосын ол полиция шақырған.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.