Алматыда жолаушының бірі ұшақтың есігін ашып жіберген видеосы тарады

Qaz365.kz редакциясы

Видео әлеуметтік желіге тарап жатыр

Фото: коллаж Qaz365.kz.

Алматыда жолаушының ұшақтың есігін ашып жіберген видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматыда жолаушы ұшақтың есігін ашып жіберді», – деп жазылған видеоның түсіндірмесінде.

Есіктен бір жолаушы басын сыртқа шығарып тұрғаны көрінеді.

«Ашсай есікті, адамдар қысылып жатыр», – дейді дауыстап бір адам. 

Видеода ұшақтың Fly Arystan екені жазылған.