Видеодан ер адамның әйел жүргізушіні ұрғанын және автобус ішіндегі адамдарға да агрессия көрсеткенін байқауға болады
Алматыда үш адамның өліміне себепші болған қоғамдық көліктегі жанжал бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Видеодан ер адамның әйел жүргізушіні ұрғанын және автобус ішіндегі адамдарға да агрессия көрсеткенін байқауға болады.
Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.