Ақтаудан 20 шақырым жерде Қаракөл көлінің жағасынан өліп жатқан аққулар табылды
Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтау маңындағы Қаракөл көлінің жағасында өліп жатқан аққулар түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақтаудан 20 шақырым жерде Қаракөл көлінің жағасынан өліп жатқан аққулар табылды.
Блогердің айтуынша, ол көлдің шағын бөлігін ғана түсіре алған, бірақ өлекселер саны мыңға жетеді.
«Дәл осы жерде жыл сайын өледі, мүмкін бұл құс тұмауы шығар. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің не істеп жатқанын білмеймін. Барлығын дронмен түсірдім. Мен бұл қайғылы оқиғаның ауқымын неге жете бағалап жатпағанын түсінбеймін. Құстардың жаппай қырылуы жылда қайталанады. Дәлел ретінде Instagram парақшамда барлық жарияланымдар бар. Өлекселер көптігі қорқынышты», – деп жазды блогер Азамат Сәрсенбаев.
Айта кетейік, Ақтаудан 20 шақырым жерде жасанды көл бар. Бір кездері таяз болған тоған 50 жылдан кейін мол жемшөпті қорға айналды. Қаракөл – көптеген құстарға жылы жаққа ұшарда, келерде мекен ететін жайлы жер. Олардың ішінде Қызыл Кітапқа енген құс түрлері де бар.
Көлдің өзі Қарақия-Қаракөл мемлекеттік қорығына енгізілген және ерекше қорғалатын аумақ мәртебесіне ие.