«Өзімді кінәлі санамаймын»: Үш адамның өлімімен аяқталған апаттағы автобустың жүргізушісіне аса ауыр айып тағылды ма?

Qaz365.kz редакциясы

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Qaz365.kz коллажы

Алматыда үш адамның өлімімен аяқталған автобус апатынан кейін жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы НеМолчиKZ қорына берген сұхбатында есінен танған автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен осы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан марқұмдардың туыстарына көңіл айтамын. Менің тарапымнан ешқандай әдейі осылай істейін деген ниет болған жоқ. Мұндайды жауыма да тілемеспін. Өзімді кінәлі санамаймын. Жолаушы есімнен танып қалғанша ұрды. Ауруханада жатқанымда тергеуші келді. Біреуі ер, екіншісі әйел. Сіз зардап шегушісіз. Кінәңіз жоқ деп айтқан. Енді жазылып шыққанда ауыр бап бойынша айыптап жатқанын білдім. Өзім арендаға үй жалдап тұрамын. Екі балам бар. Солар үшін еңбек етіп келемін. Менің жұмысыма ешкім шағымданбаған. Маған осындай қылмыстық кодекс бойынша не үшін ауыр айып тағып жатқанын түсінбеймін. Егер соққы алмағанымда мұндай жол апатына жол бермес едім. Әділдік болады деп үміттенемін», – дейді Ермек Шөкебаева.

Желі қолданушылары оны жолаушымен неге ұрысқан деп жатыр. Алайда ол ұрыспағанын айтып отыр. Тек жолға қарап отырдым дегенді алға тартады.

«Бақылау камерасынан бәрі көрініп тұр ғой. Мен тіпті бетіне қараған жоқпын. Тек жолға қарап отырдым. Мыңдаған адам автобусқа кіреді, шығады. Әрқайсысымен сөйлесіп, әңгімелесіп отыруға уақыт жоқ. Сол кезде қауіпті көпірге қарай бұрылдым. Мен әрқашан көпірге көтерілген сайын «бісмілләмді» айтамын. Көзімді ашқан кезде бірінші кезекте автобусты көпірде құлады деп ойладым. Бірақ маған олай емес екенін, алайда жол апаты болғанын айтты. Қалай болғанын тек ауруханада жатқанда білдім», – дейді автобус жүргізушісі.

Ермек Шөкебаеваға қатысты қазіргі кезде «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тағы оқыңызАвтобус жүргізушісіне қылмыстық із қозғалды ма? Полиция департемені жауап берді


Айта кетейік, жүргізуші әйелге шабуыл жасады деген ер адам оқиға орнынан кетіп қалмақ болған. Бұған куәгерлер мұрсат бермей, өздері ұстап алған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті  2 ай мерзімге қамауға алу санкцияланды.

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.