Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған жері Арқалыққа барған
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған жері Арқалыққа барған. Ол осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапардың басты мақсаты - қылмыстық іс қозғалды. Он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде қылмыстық іс зерттеліп аяқталмайынша барлық мәліметті жариялауға құқым жоқ. Осы орайда көмек қолын созған Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлына, қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Тумырзаұлына, басқа да полиция қызметкерлеріне, әріптесіміз Бағдат Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз, - деді Қымбат Досжан.
Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.