«Әйелін қызғанған»: Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адамды атып кетті

Qaz365.kz редакциясы

10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды

коллаж Qaz365.kz

13 қаңтар күні облыс орталығының “102” арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістердің бірінің жанында ер адамның қанға боялып жатқанын хабарлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дереу келген тәртіп сақшылары оқиға орнынан мәйітті тапты. Болжам бойынша, ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған.

Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.