Қарағандыда көлік пойызбен соқтығысты: мерт болғандар бар

Qaz365.kz редакциясы

Көлік жүргізушісі жол ережесін сақтамаған

Видеодан скриншот

21 қаңтарда көлік жүргізушісі теміржол өткелінде жабық тұрған шлагбаумды айналып өткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Үш адам ауруханаға жеткізілді.

«31 жастағы «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жақтан «Тойота орталығына» қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткелінен өткен. Апат салдарынан автокөліктегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Көліктің жүргізушісі мен тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полицияда. 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.