Мерт болды: Жамбыл облысында пойыз екі теміржолшыны басып кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Құрамды тоқтату мүмкін болмады

Фото: Facebook/@railways.kz

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен.

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен, құрамды тоқтату мүмкін болмады.

«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.