Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған күдіктінің кешірім сұраған видеосы пайда болды

Qaz365.kz редакциясы

Оған себеп – істеген қиянатым ар-ожданыма күн бермей жатыр

Ашық дереккөз

Желіде «жедел жәрдем» жүргізушісіне шабуыл жасаған Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ассалаумағелейкум, қазақ елі! Мен 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Оған себеп – істеген қиянатым ар-ожданыма күн бермей жатыр. Анамнан бастап, жақындарымды алаңдатып қойдым. Барлығынан кешірім сұраймын. Әсіресе, ақ халатты жандардан кешірім сұраймын. Зиянымды тигізу ойымда болған жоқ. Ал менен жәбір көрген бауырымнан Алла разылығы үшін кешірім өтінемін. Барлық мұсылмандардан да кешірім сұраймын. Мен өз қателігімді түсініп отырмын», – дейді Нұрболат Дәкебаев. 


Ол 1 ақпанда полицияға өз еркімен берілгенін айтады. Ал полицейлер өзіміз ұстадық деген болатын.