Майқайыңдағы апат: жаңа бөлшектер табылды

Qaz365.kz редакциясы

Үйінді астынан екі адамды іздеп жатқанына айға жуық уақыт өтті

Фото: t.me / AsaiynBaikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов телеграм-арнасында «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы шұңқырдан құтқарушыларды іздестіру жұмысы бойынша жаңа деректерді бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Майқайың-алтын» АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының «XFERRA» қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді», – деп жазды Асайын Байханов.

Айта кетейік, алтын кенішінде үйінді астында қалған екі адамды іздеп жатқанына айға жуық уақыт өтті. Екі құтқарушы мен автобус әлі табылмады.