Астанада тұрғын үй кіреберісінде балаларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция 30 жастағы ер адамды ұстады

Видеодан кадр

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда подъездердің бірінде күдіктінің алдымен бір баланы бетінен ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқаны көрсетілген.

Байқоңыр аудандық тәртіп сақшылары осы үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

«Бұзақылық дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Астана полиция департаментінде.