БҚО-да ер адам 17 жастағы оқушыға оқ атқан

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданында болған

Фото: egemen.kz

Аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – делінген хабарламада.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.