Алматы ТЖД лай көшкіні себептері бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда
Алматы қаласының Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс тобы құрылды, құрамында ТЖД, "Қазселденқорғау", қала әкімдігінің мамандары бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Комиссияның негізгі мақсаты – оқыс оқиға болған тау маңындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тексеру.
«8 ақпанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша комиссия зерттеу қорытындылары бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайта лай көшкінінің түсуіне қауіп жоқ деген шешімге келді. Осылайша, мамандардың бағалауы бойынша 8 ақпанда 3000 текше метрден астам лай көшкіні түсті. Сонымен қатар, жоғарыда 300-400 текше метр бос масса бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, сонымен бірге қауіпсіз жағдайға келтіріледі», – делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
«Бұған дейін Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин атап өткендей, үйлерге лай көшкіні түсуінің бірнеше ықтимал себептері бар. Мәселен, Алматы қаласының ТЖД версиясы бойынша, болған оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – техногендік сипаттағы себептер бойынша топырақтың ылғалдануы мен сулану жағдайы "Қазселденқорғау" бағыты бойынша себептердің бірі –жоғарыда салынған үйлердің тұрғындары шаруашылық тәсілмен салынған жерасты су құбыры деген болжам бар. Сонымен қатар мүмкін нұсқалардың қатарына үйлердің жоғарғы желісінің тұрғындары нөсерлі жауын-шашынға қарсы дұрыс салынбаған кәріз құбыры, сондай-ақ таулы аймақтағы суды төмен жаққа ағызуын қамтамасыз ететін септиктер жатады», – делінген хабарламада.
Алайда тергеу жалғасуда. Комиссия қазіргі уақытта барлық мүмкін факторларды егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.