Олардың арасында «Сәке», «Бажа» сериалдары бар
Жақында 2006 жылы 11 ақпанда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын ұстауға қатысқан ҰҚК-ге қарасты «Арыстан» арнайы жасағының командирі Еділ Әбікеновтің «Азаттық» радиосына берген сұхбаты шыққан. Қазір оның отандық веб-сериалдарға түсіп жүргені анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еділ Әбікенов Salem Social Media түсірген бірнеше сериалда эпизодтық рөлдер сомдаған. Олардың арасында «Сәке», «Бажа» сериалдары бар.
Айта кетейік, ол Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша 5 әріптесімен бірге сотталған, өзі түрмеде 12 жыл отырып шыққан.