Жүрсін Ерманның туған күнінде айтыскер ақын парамен ұсталды
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі лауазымды шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Күдікті облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 миллион теңге көлемінде пара алған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, аталған басқарманы айтыскер ақын, «Жүрсіннің жүйрігі» Әнуар Омаров басқарады.
Бүгін Жүрсін Ерманның туған күні. Ол 73 жасқа толды.