Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік жол апатына ұшырады - зардап шеккендер бар

Qaz365.kz редакциясы

Басқа мән-жайлар анықталып жатыр

Видеодан скриншот

Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Райымбек даңғылында ірі жол апаты орын алды. Зардап шеккендер бар екені хабарланады.

"Бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Оқиға дерегін Медеу аудандық ПБ қызметкерлері тексеруде. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.