Тиісті тапсырмалар берілген
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының №9 Майлықожа атындағы мектепте 29 оқушы мен 10 мұғалім уланған болатын. Осыған байланысты Түркістан облысының білім басқармасы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Басқарма басшысы ауыл тұрғындары мен мектеп қызметкерлерімен кездесу өткізіп, тиісті тапсырмалар берілген.
«Сонымен қатар аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 304-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүруде. Одан бөлек Білім бөлімі тарапынан зерделеу комиссиясы құрылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс жіберілді. Бүгінгі таңда департамент тарапынан атқарылған жұмыстардың қорытындысыменен тиісті шешімдер қабылданатын болады. Сонымен қатар, мектеп директоры 12.02.2024 жылдан бастап уақытша шеттетілді», – делінген хабарламада.
Бұған дейін аталған мектептің бір топ қызметкері директор Оразкүл Сопибекованы жазалауды сұрап, Президентке үндеу жолдаған болатын.