Астанада бухгалтер басшысының 386 млн теңгесін казиноға салып, ұтылып қалған

Qaz365.kz редакциясы

Сотталушының кінәсі дәлелденді

Фото ашық дереккөзден

Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түскен. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері болып жұмыс істеген. Ол мекеме иелеріне шетелге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.