Жамбыл облысында кабинетінде досымен бірге арақ ішкен мектеп «завучы» қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы

Оқушылар мұғаліміз арақ ішіп отырды, сабақ бермеді деп айтқан

Видеодан скриншоттар

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан мектеп гимназиясынан шу шықты. Мектеп директоры мен оның құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бір-бірін сотқа сүйреген. Ең соңында орынбасар кабинетінде сыныптасымен бірге арақ ішіп, қызметінен кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода «завуч» 30 қаңтарда сабағында болмаған. Директор әріптестерімен бірге орынбасардың кабинетіне барады. Алайда ол есікті ішінен іліп алған. Директор учаскелік полиция шақырамын деп қорқытып ашқызған. Орынбасардың сыныптасымен бірге арақ ішкенін байқап, бөтелке тауып алып, оны видеоға түсірген.

Камерадағы бейнежазбаға сәйкес ол сыныптасымен сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін іште отырған. Директор қорқытқанда ол да сақтық танытып, камераға түсірген. Директор мен жақтастары оны білмей қалған. Кейін директордың өзің сотқа сүйреген. «Ішкен жоқпын, мен аяқтан шалды» деген. Оған ата-аналардың арызы себеп болған. Оқушылардың айтуынша, мұғалім арақ ішкен, сабақ бермеген. Бұған балалардың ата-аналары ыза болып, арыз түсірген Нәтижесінде орынбасар қызметінен кеткен

Қазір жағдай тынышталған көрінеді.