БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алған

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 25 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

«Аталмыш күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алған. Содан кейін дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кіреді. Сол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табыс түсімін жымқырып кетеді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлады ведомстводан.